Жастардың ақпараттық-танымдық порталы

Menu
  • Басты бет
  • Біз жайлы
  • Курстар
  • Жобалар
  • Байланыс
  • KZ КАЗАХСКИЙ
  • RU РУССКИЙ
Menu

Иммунитетті көтеретін тағамдар

Posted on Маусым 14, 2021 by admin

Испанияның La Vanguardia газетінің жазуынша, адамды вирустан қорғайтын азық-түліктің ең маңыздысы – сарымсақ. Оның құрамында бактерия мен вирусқа, ауру туғызушы саңырауқұлақтарға қарсы табиғи заттар көп. Одан кейін, вирусқа қарсы тұра алатын қуатты азық – бадам жаңғағы (миндаль) мен қаражидек. Миндальда Е витамині көп, aл қаржидек тыныс алу жолдарын қорғайтын заттарға бай келеді. Дәрігерлер тауық пен күркетауықтың етінен жасалған сорпа мен көжені көбірек ішуге кеңес береді. Өйткені бұл құстардың етінде тұмау мен суық тиюден пайда болатын шырышты қабықты жоюға көмектесетін минералдар мен витаминдер, бета-каротин пен антиоксид көп. Ғалымдардың тізіміне жоғарыда аты аталғандардан басқа саңырауқұлақ, қара шоколад, цитрус жемістер мен анар,, киви, папайя, асжапырақ сынды азық-түлік түрлері еніпті. Иммунитеттің күш алуына зімбір (имбирь) мен куркума, көк шәй мен айран да жақсы көмектеседі.
Жөке гүлі мен түймедақтан дайындалған қайнатпалар адамның иммундық жүйесін нығайтып, оның пайдасын көруге болады. Бұл өсімдіктерді шай секілді демдеп, бір қасық балмен араластырып ішкізу керек. Сонымен қатар жөке гүлі мен түймедақ қайнатпасын сәбидің шомылатын суына қосып, баланы шомылдыруға болады. Бұдан бөлек итмұрынды термосқа салып, үстінен қайнаған су құйып демдейсіз де, балаңызға сусын ретінде беріп отырасыз. Мұндай шөптес өсімдіктермен қоса жидектер де бала иммунитетін көтереді. Балаларға көбіне құлпынай, таңқурай, мүкжидек, бүлдірген сынды жидектерді берген дұрыс.

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Санаттар

  • Food blog
  • Буккросинг
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Оқу және саяхат
  • Рухани weekend
  • Сән
  • Тұлға

Соңғы жазбалар

  • Шығармашылыққа баулу мектебі
  • ҚАЗАҚ ЭТНОСЫ ГУМИЛЕВ ПАЙЫМДАУЛАРЫНДА
  • Әлемдік QS рейтінгісінде ЕҰУ 90 орынға көтеріліп, 328-орынға ие болды
  • Иммунитетті көтеретін тағамдар

Мұрағат

  • Маусым 2021
  • Сәуір 2020
© 2023 Жастардың ақпараттық-танымдық порталы