Мәдениеттің көрінісі мен тарихы танылатын, тарихи сананың қалыптасуына, өскелең ұрпақтың мәдениетіне ықпал ететін, тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме бар. Ол – мұражай.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасқан бұл мекеме бүгінде әлемдік деңгейде маңызы бар мәдени ошақтардың бірі.
Бүгінде мұражайға барушылардың саны жоғары. Себебі, уақыт өткен сайын сақталған дүниелер әлем үшін қызуғышылық тудырып отыр. Барған жанды керемет әсерге бөлеп, ұмытылмайтындай естеліктер қалдырады. Бір барған адам ғасырлық ілім алып қайтуы мүмкін.
Мұражайлардың бағыты бойынша бірнеше түрі бар:
Тарихи
Көркемөнер
Жаратылыстану
Техникалық
Кешенді
Мемориалдық
Қай бағыттағы мұражайға барсаңызда, барлығының берер әсері мол. Одан бөлек бұл жерде бағытына қарай әр-түрлі көрмелер, ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық дәрістер өтіп отырады.
Бастауын 16-18 ғасырлардан бастап алған мәдени мекеменің жалпы сипаты осы. Оның адамзат үшін қоғамдағы орны өте үлкен. Рухани да, ғылыми да деректермен сусындандыратындықтан, бұл сала жұмысын тоқтатпауы тиіс. Өскелең ұрпақтың саналы болуы, руханияттың қайнар көзі – мұражайдың да үлесі. Мұра болып сақталған дүниелер мәңгі өшпей, алдағы уақытта пайдасын тигізе берер деген сенімдеміз.